Победа, которая была достигнута:
Содержание статьи:
Портал: ARYSMEDIA.KZ
<strong>КАЖДОДНЕВНЫЕ ИСПЫТАНИЯ</strong>
1.Ауру көзі-ауру адам және қоздырғыш вирус тасымалдаушы.
2.Аурудың таралу жолдары-«А» вирусы-фекальды-оральды жолмен; «В» вирусы дұрыс тазартылып залалсыздандырылмаған медициналық құрал-жабдықтар(шприц, инелер т.б.), қан арқылы; не»А» емес не «В» емес вирус-ауыз арқылы да, қан арқылы да, тыныс жолымен де таралады; Дельта-вирус әлі зерттелуде.
3.Төзімділік (сезімталдық)-«А» гепатитімен 6-15 жас аралығындағы балалар, «В» гепатитімен көбіне 1 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.
4.Маусымдылық-«А» гепатиті күз-қыс айларында жиі кездеседі. «В» гепатитіне маусымдылық тән емес.
5.Иммунитет-тұрақсыз, әр-түрлі вирусқа бөлек.
Аурудың даму механизмі-қоздырғыш қанға өтеді де, қан ағымымен бауырға жетеді. Осы жерде өсіп-өніп, улы заттар бөліп шығарады, бауыр клеткаларын зақымдайды, бұл зат алмасуының бұзылуына әкеліп соқтырады, бауыр клеткаларының токсиндерге (уыттарға) қарсы қызметін нашарлатады.
Аурудың барысы 4 кезеңге бөлінеді:
Инкубациялық немесе жасырын кезең- «А» гепатитінде 14-50 күн, «В» гепитінде 50-180 күн. 2. Бастапқы немесе сарғайуға дейінгі кезең ұзақтығы бірнеше күннен 2 жұмаға созылды ; баланың жалпы жағдайы бұзылады-шаршағыш болып, тәбеті төмендейді, денесінің қызуы көтеріледі, кекіррік пайда болады, буындары сырқырап, бауыр тұсы ауырады, жүрегй айнып құсуы мүмкін. Осы симптомдармен қатар аурудың ерте білінетін белгілерінің бірі зәр түсінің қоңырқай тартып сыра түстес болуы, ал үлкен дәретінің түсі жайылып ағара бастауы да мүмкін.
Аурудың өрістеу кезеңі немесе сарғаю кезеңі-ұзақтығы 2-3 апта. Көздің ауыздың шырышты қабығының , таңдайдың, терінің сәл сарғыштан қою сары түске дейін боялуымен сипатталады. Бауыры мен көк бауыры ісіп денесінде қызарған бөртпелер пайда болады., кейде мұрнынан, қызыл иегінен қан кетіп, денесі қышиды, зәрінің түсі қоюлана түседі. Қанның биохимиялық анализінде биллирубин көрсеткіші жоғары көтеріліп (нормада-20 ммоль) тимол көрсеткіші (4 ед), АЛТ көрсеткіші (0,68 ммоль) жоғары көтеріледі. Аурудың аяқталу кезеңі-бауырдағы қабыну процесі азайып, оның қызметі ретке келеді: баланың жалпы жағдайы жақсарып, зәрінің және нәжісінің түсі дұрысталады. Бауырдың ісігі азайып, сарғаю кетіп, анализдері қалпына келеді. «В» гепатиті көбіне ауыр өтеді:жалпы жағдайы қатты өзгереді, денесі қатты сарғайып, қандағы биллирубин мөлшері өте жоғарры болады. Кейде ауру бірнеше рет қайталанып созылмалы түріне айналады. Ал созылмалы гепатит бауыр циррозына айналуы мүмкін.
Асқынуы:-бауыр клеткаларының некрозға ұшырауы салдарынан бауырдың жедел дистрофиясының дамуы. Бұл асқыну бауыр комасына жалғасады-балада әлсіздік, қатты бас ауыруы, тәбеттің жойылуы, қайтара құсу, ббауыр тұсының ауырсынуы, бауырдың көлемінің тез кішірейіп кетуі, мұрын мен қызыл иектен, ішектен қан кетуі байқалады. Ауру баланың ақыл-есі тұманданып біраздан кейін ұйқы басып кома дамиды. Адамның демінен бауыр иісі шығады. Бұл асқыну көбіне науқастың өліміне әкеліп соғады.
1. Ауру баланы міндетті түрде ауруханаға жатқызу қажет. 2-3 аптаға төсек режимі тағайындалады.
2. Диета-№5 стол: сүтке пісірілген тағамдар, айран, сүзбе, ірімшік, суға немесе буға пісірілген майсыз сиыр еті, балық, құс еті, жеміс-жидек, көкөніс тағамдары, бал, шырындар.
Ауру балаға қуырылған майлы, ащы, тұзды, қақталған, ысталған , сірке қосылған тағамдар пайдалануға болмайды.
3. Детоксикалық терапия-ауыз арқылы және венаға 5% глюкоза ерітіндісі, гемодез, Рингер ерітіндісі, физиологиялық ерітінділерді құюға болады.
4. Витаминдер комплексі.
5. Өт айдайтын дәрілер.
6. Өте ауыр жағдайда гармондар тағайындалады.
7. Физиотерапиядан: УВЧ, парафин, озокерит пайдаланылады.
Күтімі: Палатада таза ауаның жеткілікті болуы, баланың терісінің және шырышты қабаттарының тазалығын, төсекке көп қимылды керек қылмайтын ойындармен ойнауын, диета сақтауын қадағалау.
1. Ауру адамды оңашалау.
2. СЭС-ке №58 форма бойынша хабар беру.
3. Ауру адаммен қарым-қатынаста болған адамдарды жасырын кезең біткенше бақылауға алып, зәрін және қанын биохимиялық анализге тексеру.
4. Ауру ошағын дезинфекциялау (үйіндегі ыдыс-аяқтары, төсек-орын, құрал-жабдықтары, киім-кешегі 3% хлорамин ерітіндісімен залалсыздандырылады).
5. Донорларды тексеру.
. 6.Ауру адамдарды бір рет қолданылатын медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету.
7.Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу.
Арнайы алдын алуы: вакцинация1-ші күні, 2,4 айлығында 0,5мл б/е.
уіпті. Егер ауыр ндерінде санитария ережелері . 35 к
Вирустық гепатит – әртүрлі вирустардан туындайтын жұқпалы аурулардың үлкен тобы. Ол бауырдың зақымдануымен сипатталады, дегенмен әрқайсының бір-бірінен айтарлықтай ерекшелеліктері бар. Барлық гепатиттердің ішінде А вирустық гепатиті жиі кездеседі.
Гепатиттің бұл түрімен тек адамдар ғана ауырады және вирус тек адамнан адамға ғана жұғуы мүмкін. Әсіресе, бұрын ауырмаған және А вирустық гепатитіне қарсы екпе салдырмаған адамдарға қауіп көбірек.
Сондай-ақ, А гепатитінің кез келген түрімен ауыратын науқас адам айналадағыларға ауру жұқтыруы мүмкін екенін есте ұстауы қажет. Бұл ретте, сырқат адамда аурудың клиникалық белгілері пайда болғанға дейін-ақ бірнеше күн бойы төңірегіндегі андарға қауіпті болуы мүмкін. Вирустық гепатиттің негізгі симптомы терінің сарғаюы болғанымен, аурудың симптомсыз өтетін кезі де болады.
А гепатитінің инкубациялық кезеңі шамамен 30-50 күнді құрайды. Көбінесе балалар ауруға шалдығады, алайда олардың ауруы әдетте симптомсыз өтіп, тек 10 пайызында денесі сарғаяды. Егде жастағы адамдарда ауру ауыр түрде өтеді және олардың арасында қайтыс болатындардың үлесі басым.
Симптомдары – дене қызуының көтерілуі, әлсіздену, тәбеттің жоғалуы, диарея, жүрек айнуы, іштің айналасында қолайсыздықты сезіну, зәрдің қараюы және дененің сарғаюы (терінің және көздің ағының сарғаюы).
А вирустық гепатитімен ауыратын науқастардың көпшілігі толық жазылады да, оларды өмір бойына иммунитет қалыптасады. Алайда бұл аурудың адам өлімімен аяқталатын ауыр фульминантты түрлері де кездесетінін естен шығармау керек. А гепатитінен кейін асқыну болмайды, ауру созылмалы түрге өтпейді.
Вирустық гепатиттен сақтанудың ең тиімді шара – профилактикалық екпе жасау арқылы иммундау. Соған орай, 2 жастан бастап балаларға екпе жасалады, иммундау курсы 6 ай сайын салынатын 2 екпеден тұрады.
Сондай-ақ, келесі қарапайым гигиена ережелерін сақтау қажет:
дәретханаға барғаннан кейін және тамақтанар алдында қолды жуу;
су ішу үшін бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану;
көкөністер мен жемістерді мұқият жуу.
– бірінші кезекте ас қорыту жолын зақымдайтын жұқпалы аурулардың тобы. Оның пайда болуына негізінен микроағзалардың бактерия, вирус сынды түрлері себеп. Инфекция көзі – науқас адам немесе жіті ішек инфекция қоздырғыштарының тасымалдаушысы. Айналадағы адамдар үшін, әсіресе, аурудың жеңіл, анық байқалмайтын және симптомсыз түрлеріне шалдыққандар өте қауіпті.
Микробтар науқастардан және тасымалдаушылардан нәжіс, құсық және зәр арқылы сыртқы ортаға бөлінеді. Жіті ішек инфекцияларын қабылдағыштық өте жоғары болғандықтан, ересек адамдар мен балалар, әсіресе, 1 жастан 7 жасқа дейінгі балалар ауруға жиі шалдығады. Жұқтыру қаупі ағзаға түскен қоздырғыштың мөлшеріне, сондай-ақ, асқазан-ішек жолдарының барьерлік және ферментативті функциясына және ағзаның қабылдағыштығына байланысты.
Ауру негізінен нәжіс арқылы, тамақ, су және ортақ тұрмыс бұйымдарын қолдану арқылы жұғады. Қоздырғыштың ағзаға түскен кезінен бастап ауру белгілері пайда болғанға дейін бірнеше сағаттан 7 күнге дейін уақыт өтеді. Инфекция жұқтырғаннан кейін иммунитет 3-4 айдан 1 жылға дейін тұрақсыз болады, осыған байланысты, аурудың қайталануы әбден мүмкін.
Тамақ, су, тұрмыстық заттар, ойыншықтар аурудың берілу факторлары болып табылады, кейбір инфекцияларды жәндіктер (шыбындар, тарақандар) таратады. Сондай-ақ, антисанитарлық жағдайлар, жеке гигиена ережелерін сақтамау, санитарлық ережелерді сақтамай дайындалған тамақ өнімдерін пайдалану да жіті ішек инфекцияларын жұқтыруға себеп.
ДДСҰ деректері бойынша, дүние жүзінде жыл сайын диареямен ауырған 1 миллиардқа жуық адам тіркеледі. Олардың 60-70 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.
Балалар арасындажітіинфекциялық диареялардың этиологиялық құрылымы уақытөте келе өзгереді. Қазір бұл динамика анық байқалып жатыр. Бұған бірнеше себеп бар: тамақ өнімдері өндірісінің жаһандануы, олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қатаңдату, балалар тағамы өнімдерін консервілеу және пастерлеу, табиғи экологиялық себептер, ЖІИ-дің алдын алудағы және емдеудегі белгілі бір жетістіктер (бірқатар дамыған елдерде ротавирусты инфекцияға қарсы вакцинациялауды енгізу) және өзгелер.
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу шаралары:
Жеке гигиена ережелерін сақтау, тамақ ішердің алдында және дәретханадан шыққаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
Су ішу үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;
Пайдаланудың алдында жеміс пен көкөністі жақсылап жуып, қайнаған сумен шаю;
Тамаққа термиялық өңдеуден өткен өнімдерді пайдалану. Тамақты ұзақ, тіпті тоңазытқыштың өзінде ұзақ сақтамау;
Тез бұзылатын тамақ өнімдерін тек салқын жерде сақтау, жарамдылық мерзімі өткен азық-түлікті пайдаланбау;
Шикі өнімдерді өңдеу үшін жеке ас үй жабдықтарын (пышақ және кесу тақтайлары) қолдану. Шикі өнімдерді дайын өнімдерден бөлек сақтау;
Тек арнайы белгіленген орындарда ғана шомылу. Су қоймаларында және бассейндерде шомылған кезде ауызға судың кетпеуін қадағалау;
Үйді, ауланы таза ұстау.
Аллергияны асқындырып алса, бала анафилактикалық шок алады. Бұл сәбидің өміріне өте қауіпті.
Аллергия – адам а
Балаларға аллергия неден шығады?
Сәбилерде сырқаттың бұл түрінің пайда болу себебі көп. Дәрігерлер оған қоршаған ортаның ластануы, экологияның нашарлауы және климаттың өзгеруі себеп екенін айтады. Яғни, күннің күрт суып немесе ысып кетуі балалардың ағзасына кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ, анасының жүктілік кезінде аллергия шақыратын тағам, антибиотик және дәрумен тұтынуы ауруға шалдығу қаупін жоғарылатады.
Баланы омырау сүтінен тым ерте айырып, құрамында түрлі қоспасы бар өніммен тамақтандыру аллергияға қарсы иммунитеттің жетілмеуіне әкеліп соғады. Салдарынан бала ағзасы әлсіз, әрі аллергендерге сезімтал болады.
Отбасында аллергик адам болса, баланың да осы ауруға шалдығу қаупі жоғары. Сәбидің ата-анасының біреуі ғана мұндай дертпен ауыратын болса, сырқат балаға тек 30 пайыз беріледі. Ал екеуі де аллергик болса, оның үлесі екі есе артады. D дәрумені мен кальций жетіспеген балалар да аллергияға бейім болады.
Балалар аллергиясының белгілері:
қызарады, қышынады және қабыршақтанады. Есекжем (крапивница) түрінде үлкен-үлкен дақ, бөртпелер пайда болып, кейде ісіну белгілері көрінеді;
қызарады, қышиды, жас ағады және құм түскендей қатты ауырсыну белгілері болады;
Тыныс алу органдары жұмысы бұзылады. Аллергиялық ринит түрінде мұрны бітеледі немесе мұрнынан су ағады. Жиі түшкіреді, қатты жөтел қысады, өкпеде сырылдар естіліп, тыныс алу қиындайды;
Асқазан және ішек жұмысы бұзылады. Аллергендерден іштің ауыруы, құсу немесе диарея пайда болады.
Балалар үшін ең қауіпті аллергендер:
жануарлардың жүні мен терісі;
азық- түлік өнімдері;
тұрмыстық химия және косметика;
бояғыштар, консерванттар және басқа да тағамдық қоспалар.
Балалар аллергиясының кең тараған түрлері:
Сиыр сүтінің ақуызына аллергия. Кішкентай балалар арасында жиі кездеседі. Сиыр мен ешкі сүті сәбидің ағзасына өте ауыр, әсіресе оның құрамындағы казеин ақуызынан болатын аллергия балаға айтарлықтай қауіп туғызуы мүмкін. Сондықтан екі жасқа дейінгі балаларға жануарлардың сүтін беру ұсынылмайды.
Ең қауіпті азық-түлік аллергендеріне сүт, жұмыртқа, жаңғақ, соя, бал, шоколад өнімдері, цитрусты жемістер және теңіз өнімдері жатады. Кейбір балық өнімдері де аллергия шақырады.
Маусым аллергиясы немесе поллиноз. Аллергияның ең жиі кездесетін түрі және ол жылдың белгілі бір маусымында ғана пайда болады. Аллергияның бұл түрін өсімдіктердің тозаңдануы тудырады.
Үй өсімдіктерінің шаң-тозаңынан, пәтер ішіндегі шаң мен қабырғалардың көгеруінен, ылғалдан пайда болады. Сондай-ақ, жиһаздар мен кітаптардың шаңы, көрпе-жастық ішіндегі құс жүні және үй жануарларының түгі аллергия тудырады.
Аллергияның бұл түрі де жиі кездеседі. Әсіресе, антибиотик препараттары мен дәрумендерді қолданғанда токсикалық әсер беріп, балаларға аллергия шығады.
Балаларды аллергиядан қорғаудың жолдары:
Тағамдық аллергиясы бар кішкентайларға гипоаллергенді диета тағайындалады. Оларға майлы, қуырылған, тез дайындалатын тағамдар бермеу қажет. Әрі аллергия шақыратын азық-түлік өнімдерінен және бояғыш заттар қосылған тағамнан шектеген жөн.
Маусымдық аллергиясы бар балаларды бірнеше ай бұрын дәрігерге қаратып, ағзаның өсімдіктің қай түріне қарсылық танытатынын анықтау керек. Аллергияның осы түріне шалдыққан балаларға монтелукаст препараттарын беру ұсынылады.
Тұрмыстық аллергиясы бар балаларды қорғау үшін үйді шаң-тозаңнан арылтып, гипоаллергенді ұнтақтармен жиі-жиі тазалаған жөн.
Шаң жинайтын жиһаз, кілем, ескі кітаптар мен ойыншықтарды лақтырып, бөлменің ауасын тазартып тұру керек.
Баланы шомылдырғанда да тек гипоаллергенді гигиеналық заттар қолдану қажет.
Аллергиясы бар балаларға синтетикалық киім кигізбей тек мақтадан тігілгенін таңдау керек.
Үй жануарын ұстамау қажет
Ауыздың уылуы және оның белгілері
Ауыздың кілегей қабығы қабынып, уылғанда қызыл иек ісінеді. Иектің әр жері күлдіреп ағарады немесе ауыз, еріннің астыңғы қабаты мен таңдайда, тамаққа дейін жара пайда болып, ойылады. Шайнау, жұту, сөйлеу қиындай түседі, кейде тіпті дызылдап, ұйықтай алмай қалады.
Аурудың пайда болуының бірнеше себебі бар.
Егер тілді, иекті немесе ерінді тістеп алсаңыз, қатты тағамдар ауызды сызып кетсе, немесе ыстық тамаққа күйіп қалса кішкентай ашық түсті дақтар пайда болады.
Ауыз қуысы тазалығын сақтамау салдарынан. Көбіне уылғанда ауызда иектің әр жер үлпілдеп ағарады, кілегей қабығы қызарады.
Кейбір препараттарды қабылдау салдарынан (көбіне антибиотиктер мен химиотерапиядан), аллергия, тамаққа тәбет болмайды, ауыз қуысында инфекция пайда болады. Қызыл иегі қабынып, ісінеді, ағарып, ойылады.
Уылған ауызды қалай емдейді?
Ол үшін әуелі оның себебін анықтау керек. Егер сіз ауыздың кілегей қабығы жарақатынан уылғанын нақты білсеңіз, әрі ол онша алаңдатпаса, шамалы шыдай тұрсаңыз болады. Ауыздың аздаған ойылуы 3-5 күнде өздігінен кетеді. Ал, қалған жағдайлардың бәрінде тіс дәрігеріне көрінген жөн.
Ауыз уылғанда оның себебін білмей өздігінен ем қабылдаудың қажеті жоқ. Оны өз бетіңізбен емдей алмайсыз. Мүмкін арнайы құрылғымен ауыз қуысын тазалау керек болады, ал инфекция салдарынан болса терапевт дәрігер ем тағайындауы тиіс. Мұндайда қажетті анализдерді тапсырып, берген дәріні қабылдау керек, олай болмаса инфекцияның көзі жойылмайды".
Дәрігерге жеткенше, ауруды жеңілдетудің екі жолы бар:
Ауыз қуысын шаю. Бұл үшін шөп ерітіндісін (түймедақ, емен қабығы, қырмызыгүл) немесе стоматологиялық тұнбаларды сатып алуға болады.
Күлдіреген қызыл иекке "Камистад" немесе "Метрогил-Дента" гельдерін жағу керек. Бұлардың қабынуға қарсы әрекеті бар және ауыруды азайтады. Балаларға қолданғанда абай болу керек: нұсқаулықта көрсетілген мөлшермен қолданған жөн.
Егер ауыз ауылса өткір ащы, қышқыл, ыстық және қатты тағамдарды қолданудан бас тартқан дұрыс. Ауруды салқын сусындар мен балмұздақ шамалы жеңілдетеді.
Ангина көмекейдегі бадамша безінің қабынуынан туындайды. Тілдің екі жағындағы көмекейдегі без ағзаға түрлі бактериялар мен вирустарды түсірмей, тыныс алу жолынан сүзіп алып қорғайды. Бірақ кейде бұл қорғаныс безі инфекцияның асқынуына төтеп бере алмай, қабынады. Салдарынан адамның тамағы іріңдеп, қатты ісініп, тыныс алу жолдарын бітейді. Сондықтан, ангинадан тұншығып қалу қаупі бар. Медицинада бұл ауруды тонзиллит деп атайды.
Ангинаның алғашқы белгілері:
Тамақтың қызарып, айқын ісінуі;
Бадамша безінде ақ ірің пайда болуы;
Дене қызуының 38,5 градусқа көтерілуі;
Әлсіреп, дененің қалтырауы;
Мойындағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы және ауырсыну сезімінің болуы;
Ангинаның пайда болу себептері:
Егер дәрігер сізде вирустық ангина бар деген қорытынды жасаса, онда ағзаңыз инфекцияларға қарсы тұра алады;
Дәлірек айтсақ, А тобындағы стрептококк. Егер бактериялы тонзиллит анықталса, дәрігер антибиотик тағайындайды;
Тіс жегісінен пайда болған инфекция ангинаның туындауына себеп. Ангинаның бұл түрі көбінесе балалар арасында кездеседі;
Дұрыс тамақтанбау, иммунитеттің төмендеуі.
Төмендегі белгілер пайда болса, шұғыл түрде жедел жәрдем қызметін шақырған жөн:
Тыныс алудың қиындауы;
• Тілдің не мойынның ісінуі;
• Мойын және жақ бұлшықеттерінің ауыруынан ауызды ашудың қиындауы;
• Сілекейді жұту мүмкін болмай, оның ауыздан еріксіз ағуы.
Ангинамен 15 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады. Тонзиллиттің қаупі жыныстық жетілуден кейін төмендейді. Сондықтан бұл сырқат ересек адамдарда сирек болады.Балалар ангинамен сырқаттанғанда дер кезінде емдеу керек. Әйтпесе бұл қауіпті дерт өлімге әкелуі мүмкін.
Ангинаны қалай емдейді?
Тамақ іріңдеп, қатты ісінбеген болса, бұл ангинаның жеңіл түрі. Ол ерекше емді қажет етпейді және өздігінен 7-10 күнде жазылады. Ал созылмалы бактериялық тонзиллит анықталған кезде міндетті түрде дәрігердің нұсқауы бойынша емделген жөн.
Тонзиллиттің алғашқы белгілері пайда болғанда бірден дәрігерге қаралу керек. Себебі ауру асқынса, ота жасау арқылы бадамша безін алып тастауға тура келеді. Көбінесе құрамында пенициллин бар антибиотиктермен емдеген жөн. Мұндай препараттар инфекциямен жақсы күреседі. Дәрігер тағайындаған антибиотикті қабылдаған соң, науқастың жағдайы бірден жақсара түседі. Бірақ, дәріні соңына дейін толық қабылдау керек. Әйтпесе ауру қайта қозып, антибиотиктерге де бой бермейтін болады
Ангинамен сырқаттанғанда көбірек тыныққан пайдалы. Одан бөлек, дәрігерлер келесі кеңестерді есте ұстаған жөн екенін айтады:
Ауырсынуды басу үшін температурасы өзіңізге ыңғайлы жылы сусын немесе балмұздақ жеңіз.
Шайнауды қажет етпейтін сұйық сіңімді тағамды тұтыныңыз. Олар жұтынған кезде тамақты ауыртпайды.
Тамағыңызды жылы тұзды сумен шайқаңыз. Егер ауру шыдатпай бара жатса, ибупрофен және парацетамол негізіндегі препараттарды қабылдауға болады.
Құрамында бензокаин немесе басқа анестетиктер бар кәмпит дәріні сорыңыз.
Жұтқыншақтағы аурудан арылту үшін спрейді қолдануға болады.
Ангинамен ауырған науқасты оқшаулап, бөлек ыдыс, бөлек қол орамалын берген жөн. Науқастың ас ішкен ыдысын мұқият жуып, 10 минуттай қайнатып алу өте маңызды.
Ангинаны үй жағдайында емдеу жолдары:
5 ас қасық ұнтақталған қырықбуынды 1 стакан қайнаған суда 15 минут тұндырып, жылы күйінде тамақты жиі-жиі шаю;
Бір уыс пияз қабығын жарты литр суға салып, шамалы қайнатып тұндырып, салқындағанда сүзіп алып, жылы күйінде тамақты шаю;
Кептіріліп ұнтақталған жолжелкен жапырағын 200 мл қайнаған суға салып, 30 минут тұндырып, осы тұнбаға 1 ас қасық бал араластырып, жылы күйінде тамақты сағат сайын шаю;
5 грамм прополисті 10 минуттай шайнау;
қосылған жылы шай, бал қосылған жылы сүт, минералды су, жылы компотты жиі ішу.
Ангинаны дер кезінде емдемей, асқындырған жағдайда денсаулығыңызға айтарлықтай зиян тигізеді:
Құлақ ішінде хирургиялық жолмен ғана жоюға болатын іріңдер жиналады;
Жүрек жұмысына кері әсер ететін ревматизмге әкеледі;
Бүйрек жұмысын бұзатын гломерулонефрит пайда болады;
Буын ауруын туғызады.
Жөтелді үй жағдайында емдеудің ең тиімді 5 тәсілі:
Сүт пен бал. Қатты ысымаған сүтке бал қосып ішу жұтқыншақты жұмсартып, жағымды әсер береді. Мұны мүмкіндігінше ұйықтар алдында ішкен дұрыс. Сонда тамақ жыбырлағанын азайтып, тыныш демалуға мүмкіндік береді. Ол үшін бір кесе немесе бір стакан сүтке 1-2 қасық бал, сосын саусақ ұшымен кішкене ас содасын қосу қажет. Мұны түсте және кешке қабылдау жөтелді босатып, қақырықты түсіріп, организмдегі зиянды заттардың сыртқа шығуына әсер етеді.
2. Көкөністі қолдану. Жөтелді қойдырудың тағы бір әдісі – көкөністерді пайдалану. Ол үшін 1 картоп, 1 алма және 1 пиязды суға салып, қайнату қажет. Бұл ретте картоп пен алманы сол күйінде, ал пиязды аршып салған дұрыс. Сонымен қатар, отты баяу қоюды да ескерген жөн. Екі мәрте қайнатып, суы біраз сарқылғанда оттан аласыз. Дайын болған сұйықтықтан күніне бір шай қасықтан 3-4 рет ұрттап отырсаңыз, жөтелді қойдырады.
3. Құйрық май. Қойдың құйрық майын ерітіп пайдалану жөтелге дауа. Ол үшін құйрық майды ысытып, онымен алқым, арқа және екі табанды сылап шығу керек. Сылаған соң мейлінше қымтанып, қалың жамылып демалған дұрыс. Жылы күйінде майдан бір қасық ұрттау да жөтелді кетіруді жылдамдатады. Біраздан соң денеңіз жіпсіп, терлей бастайды. Себебі, құйрық май ішке барған соң қолқаны жібітіп, жанды қинаған жөтел қақырыққа айналады.
4. Бумен емдеу. Жөтел енді басталып келе жатқан кезде дәрігерлер ингаляция жасауды ұсынады. Егер мұндай аппарат болмаған жағдайда қолда бар заттарды да кәдеге жаратуға болады. Мәселен, асүй ыдысына (тостаған не шұңғыл тәрелке) ыстық су құйып, соған қарай еңкейіп, басыңызды сүлгімен қымтап алу керек. Бірнеше рет бумен демалу – жөтелді бусандырады. Егер ингалятор аппараты болса, бұл процесс жеңілдей түседі.
5. Ірі қара бұрыш. Кәдімгі ұсақ емес, ірі, домалақ пішінді қара бұрыштар жөтелді қойдыруға таптырмас ем. Оның 2-3 данасын ауызға салып шайнау керек. Егер үш күн қатарынан үзбей, күн сайын бір мәртеден қолдансаңыз, жөтеліңіз қайта бастайды. Қара бұрыш кеңірдекті емдеп, тыныс жолдарын ашып, жөтелуге мәжбүр етіп тұрған бактерияларды жояды. Сондай-ақ, қара бұрышты қайнаған сүтке араластырып ішуге де болады.